Таза Қазақстан


Ұлттық парк қызметкерлері Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейінің “Жас орманшылар” мектеп орманшылығының оқушыларына “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Биоалуантүрлілікті сақтау” тақырыбына дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты - биоалуантүрлілікті сақтаудың ұғымын түсіндіру және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дәріс барысында табиғатты қорғаудың маңызы, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау жолдары, қоқыс қалдықтарын тастамау туралы ақпарат берілді.