Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық, мәдени-тарихи және эстетикалық құндылығы жоғары табиғит таулы ландшафттарды өз қалпында сақтап қалу мақсатында құрылған.
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркін жобалау 2002 жылы басталды, 2006-2007 жылдары Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жабайы жемісті ормандардың жаһандық маңызы бар агробиоалуантүрлілігін қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырылуы «Қазақстанның таулы агробиологиялық алуантүрлілігін insituсақтау» ҚР Үкіметі, Ғаламдық Экологиялық Қор мен БҰҰ Қазақстандағы Дамыту Бағдарламасының жобасын іске асыру басталғаннан кейін жұмыстар жалғастырылды. Жобалау жұмыстары 2007 жылы аяқталып, 2008 жылы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде дайындалған табиғи ғылыми негіздемелер мен техникалық экономикалық негіздеме уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен бекітіліп, ҚР Үкіметіне Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру туралы ұсыныстар енгізді.
Ғалымдар алма ағашының негізгі таралу аймағы Қазақстанда, ішінара Қырғызстанда, Қытайда, Өзбекстанда және Тәжікстанда екенін дәлелдеді.
Жоңғар Алатауы алманың отаны деп бекер айтылмайды, көктемде бұл айқын көрініс береді. Гүлдеген алма ағаштары тау беткейлерін кілемдей жауып жатады. Бұл көптеген адамдарды гүлдеген жабайы алма ағаштарының таңғажайып көріністерін тамашалауғаболады. Ұлттық парк көптеген қонақтарды тарта отырып, жылсайын «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» атты фестивалін 2018 жылдан бастап өткізіп келеді.
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі аумағы жабайы жеміс-жидек өсімдік түрлеріне бай аймақ. Мұндағы жабайы Сиверс алмасы өте бағалы әлемдік мәні зор бірден-бір генетикалық қор болып саналады. Сонау ерте замандағы бор дәуірінен осы күнге дейін сақталып келген жабайы алманың 40-қа жуық түрі табиғи ұлттық парктің аумағында ерекше қорғауға алынған. Бүгінде табиғи парктің 3800 гектарын жабайы Сиверс алмасы алып жатыр.
XVIII ғасырдың аяғында ғалым Иоганн Сиверс қазіргі Қазақстан аумағындағы алғашқы жабайы алма ағаштарын тауып, оларды сипаттады. Кейінірек таулы жеміс ормандарына зерттеу басталып, ботаник Михаил Попов Malus Siversi алма ағашының қазіргі алма ағаштармен байланысын зерттей келе, олардың ежелгі түрі екені жайында болжам жасады. 1929 жылы орыстың ұлы ғалымы Н.И.Вавилов Орталық Азияға экспедицияға шығу барысында Қазақстанның оңтүстік шығысын жабайы алма мен өріктің орталығы деген болжам айтты. Кейін бұл болжам академик Аймақ Жанғалиевтің, сондай-ақ оның көптеген шетелдік әріптестерінің көп жылдық еңбегінің нәтижесімен Қазақстан жабайы Сиверс алмасы біздің ғаламшардағы алма өсімдігінің атасы екенін дәлелдеп растады.
Алма ағашы сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түр. Осы жабайы ағашымыздың емдік қорын сақтауда ұлттық паркте көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Атап айтсақ, ұлттық паркте ғылыми бөлім де бар. Сондай-ақ, Алматы және Талдықорған қалаларындағы ғылыми институттармен бірлескен жұмыс істейді. Бұл аумақтарда қорықтық күзет режимі белгіленген, яғни жеміс ормандарының табиғи экологиялық тепе-теңдігін бұзатын барлық шаруашылық қызметке тиым салынып, ерекше қорғауға алынған.
Мұнда жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ескіден қалған құнды ағаштың гүлденуінің ұмытылмас әсем көрінісін тамашалауға келеді.
Жетісу өңірінде құрылған Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында тұқым қуалау бірлігі сақталған, генетикалық материал ретінде әлемді мойындатқан Сиверс алмасы орман алқаптары 4 мың гектарға жуық жер көлемін алуда, барлық ұлттық парктердің арасындағы жабайы Сиверс алмасы орман алқаптары бойынша алдыңғы қатарда.
Орманды қалпына келтіру және селекциялық-генетикалық жұмыстар үшін Сиверс алмасының генрезерваттары алқаптары сипатталып 375 га орман генетикалық резерваты таулы орманның мүмкіндігінше аз бұзылған, өзінің фитоценотикалық көрсеткіштері бойынша осы табиғи-климаттық ауданға тән, бағалы генетикалық-селекциялық популяциялары шоғырланған Сиверс алмасының учаскелері алынған.
Ұлттық паркке келушілерге арналған арнайы «Ғылыми-танымдылық туры» (Нақты жабайы жемісті Сиверс алмаағашының өсетін жерлері) туристік маршруты құрастырылған.
Биіктігі 6-8 метрге жететін жеміс ағашы. Гүлдері ірі, түсі ақ немесе сұр-қызғылт. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Жемісінің түстері бойынша көк, қызыл, қызғыш, сары болып келеді, дәмі қышқыл-тәтті. Сиверс алмасы аязға төзімділігімен, қатал климаттық жағдайларға бейімделуімен ерекшеленеді, зиянкестер мен ауруларға бейімделетін түр ретінде қалыптасты. Дәл осы ерекше қасиеттеріне қарай, генетикалық қор ретінде өте бағалы. Оның көп түрлішілік алуантүрлілікке ие болу қасиеті де бар, тек табиғи парктің аумағында табиғи жабайы орман алқаптарында 40-қа жуық түрі өседі. Бұл маршрут бойында Жетісу Алатауының жапырақты тауларының, жабайы Сиверс алмасы орман алқаптарының әсем көрінісін (әсіресе гүлдену уақытында), генетикалық резерваттарды, реликті алма ағашының көркем табиғатын тамашалауға болады.