«Жоңғар - Алатауы МҰТП» РММ - нің «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» инженері мен «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімі мамандарының қатысуымен 2023 жылдың 14 сәуір күні «Сарқан қаласының облыстық N3 арнайы мектеп-интернаты» КММ - де «Парктер шеруі» - халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында дәріс сабақ өткізілді.
Дәріс барысында табиғатты қорғау акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар және ұлттық парк туралы ақпараттар беріліп, мектеп алаңына ағаш көшеттері отырғызылды.
#парктершеруі2023