23. 04. 24 ж. Жетісу облысы Сарқан ауданы Жетісу орта мектебінде мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Л. А. Алыбаевамен “Парктер шеруі - 2024” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “ЭКО - ауыл сақшылары” атты экологиялық форум - сайыс өтті. Мектеп директоры К. Кильчабаев табиғатты қорғау маңыздылығына тоқталып, сайысшыларға сәттілік тілеп, жобаларымен таныстыруды ұсынды. 9 - сынып оқушылары “Сұлу табиғат”, 8 - сынып - “Қасірет”, 7 - сынып - “Үнемшіл”, 6 - сынып - “Ұлттық тәлім - тәрбие” экологиялық жобаларын ұсынып, белсене қорғай білді. Форумның қонақтары “Жоңғар - Алатауы МҰПТ” экологиялық ағарту инженерлері ұлттық парктің жұмыс бағыттарымен түсіндірмелі жұмыстарын жүргізді. Соңында барлық қатысушы сыныптарды және сынып жетекшілерін “Алғыс хаттарымен” марапаттады. ЭКО - форумның жүргізушілері 10 - сыныптың білім алушылары Саттыбай Ш., Шаяхмет І.