2025 жылдың 3 сәуір күні “Аманбөктер негізгі орта мектебі МДШО” КММ - нің “Жасыл клуб” мүшелері биология пәні мұғалімі Ербулатова Шынар Толеуғалиқызының жетекшілігімен Сарқан қаласында “Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ - нің ұйымдастыруымен өткен “Парктер шеруі - 2025” халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанатына барды. Ашылу салтанаты барысында оқушылар саптық шеруге тұрғызылды. 5 - сынып оқушысы Елемес Нұризат “Үнді” биін билесе, 6 - сынып оқушысы Абеустан Жұлдызай “Қазақ елі” әнін орындап, өз өнерлерін көрсетті. 9 сынып оқушысы “Жетісу телеарнасына сұхбат беріп, табиғатты қорғауда өз үлесін қосып жатқандығы туралы айтып өтіп, ойымен бөлісті.
Акция барысында “Жасыл клуб” мүшелері Аманбөктер негізгі орта мектебінің атынан қарағай отырғызып, парк аумағының көгалдануына өз үлестерін қосып қайтты.
@janserikboken
@zhongar_alatau_kz
@sarkan_bilim
@gulnarmuratovna67
@almas_baigunusov