“Жоңғар Алатауы МҰТП” РММ Алакөл филиалының экологиялық ағарту инженері Бекбосынова Назила Ерсерикқызы Ақжар ауылындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларына “Парктер шеруі - 2024” табиғатты қорғау акция аясында “Су - тіршілік көзі” атты ашық сабақ өткізді. Іс - шара оқушыларды сөйлесу әрекетіне, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты қорғауға бейімдеу, оқушыларды өзіндік ізденісі негізінде судың тіршілік көзі екендігі жайлы ұғым беру мақсатында өткізілді. Дамытушылық міндеті: оқушылардың өз пікірін айту, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік міндетті: судың қасиеті туралы толығырақ айтып, балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзін - өзі басқаруға жетелеу.
✍️Алакөл филиалы