20 мамыр күні ұлттық парктің қызметкерлері "Парктер шеруі-2025" табиғатты қорғау акциясының аясында "Туған өлкем" атты шығармашылық байқауын "Қойтас саябағында" өткізді. Байқау барысында ұлттық парктің туристік маршруттары, флора мен фаунасы бойынша көрме өтті. Қатысушылар табиғатта сурет салды. Байқаудың мақсаты: оқушыларды туған өлкенің табиғатын аялауға баулу, табиғат туралы ой-өрістерін дамыту, табиғат туралы экологиялықбілім және тәрбие беру. мәдени және рухани мұрасына баулу. Байқаудың қорытындысы және марапаттау рәсімі "Парктер шеруі" табиғатты қорғау акциясының жабылуы салтанытында жарияланады.
@qazaqormany
#парктершеруі
#ТазаҚазақстан