16 мамыр күні ұлттық парктің Лепсі филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Парктер шеруі-2025" табиғатты қорғау акциясының аясында Лепсі орта мектебінің оқушыларына "Туған өлкем-табиғатым" атты ашық есік күнін өткізді. Іс-шара мерекелік концертпен бастау алып, практикалық ойынмен жалғасты. Оқушылар ермексаздан құстардың мүсіндерін жасап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Лепсі ауылының мәдениет үйінде "Жоңғар -Алатауы МҰТП флора мен фаунасы" атты көрме ұйымдастырылды. Қатысқан адам саны- 30.
Лепсі филиалы