«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында себілген ағаш тұқымдарының алғашқы өскіндері шыға бастады! Өскіндер алып ағаштарға айналады деген сенімдеміз.
Акцияның басты мақсаты - жұртшылықты табиғатты аялауға шақыру, орманды қалпына келтіру және сақтау, елді мекендердің айналасын бірлесіп көгалдандыру. Көшеттердің өсуін бақылау жалғасуда…