?"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасуда.
"Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама.
22.01.2025 жылы "Жоңғар Алатау МҰТП" РММ қызметкерлері Қарауылтөбе орта мектебінің оқушыларымен 200 контейнерлерге 4 түрлі ағаш тұқымдары себілді. Қызығушылық танытқан оқушылар, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау бойынша мамандардан толық мағлұмат алды. Әр ағаштың өсуі жайлы күнделік жүргізіп, сол бойынша ақпарат жазып отыратын болды. Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Табиғатты аялау оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді.
#біртұтас_тәрбие
#тазақазақстан
@qazaqormany