27.01.2025 ж ұлттық парктің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ - ң 5 - 8сынып оқушыларымен 200 контейнерлерге шаған, кәдімгі шырша, батыс туясы, жөке ағаш тұқымдарын себу іс - шарасын өткізді. Акцияның мақсаты - жас ұрпақты экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және мектеп оқушылары арасында ұжымдық жұмыс арқылы табиғатты қорғауға деген қызығушылықты ояту.
#тазақазақстан
#жоңғаралатауымұтп
@qazaqormany
@sarkand_school_altynsarin_kz1