?01.04.2025 жылы «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экологиялық ағарту инженерлері Шатырбаева А, Степанова Ю Көкөзек орта мектебінің 6-7 сынып оқушыларымен «Парктер шеруі-2025» акциясы аясында 1 сәуір «Халықаралық құстар күніне» орай, «Құстар біздің досымыз» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында экологиялық ағарту инженерлері құстар туралы жалпы ақпарат беріп, оқушылар викториналық сұрақтар мен сөзжұмбақтарға жауап берді. Оқушылар құстар туралы өлең шумақтарын оқып, слайд көрсетілді. Іс-шара соңында оқушылар өздері дайындаған ұя жәшіктерін мектеп ауласына орнатты.
Қатысқан адам саны – 15.
Орнатылған ұя жәшіктер саны- 6.