Тау — табиғаттың алтын қазынасы.
Оны қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз!
Ұлттық парктің қызметкерлері Халықаралық тау күніне орай Қабанбай ауылындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде 10 сынып оқушылары арасында экологиялық сайыс ұйымдастырылып, ойын форматында викторина өткізді.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың табиғатты қорғау мәдениетін арттыру, таулы экожүйелердің маңызын түсіндіру және экологиялық ой-өрісін дамыту.
Алакөл филиалы