Әрбір ұлттың тарихи өткені мен мәдениеті – оның болашағына негіз қалаушы маңызды факторлар. Қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрі – ұлттың рухани байлығының негізі екені сөзсіз. 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметімізді арттырып, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айқындайды.
Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі – салт-дәстүрі. Бұл күндері ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады.
Тұсау кесу – қазақтың көне дәстүрлерінің бірі, ол бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Бұл сәби қаз тұрғаннан кейін, өмірге алғаш қадамы сәтті болсын деген тілектен туған дәстүр. Тұсау кесу сәбидің өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырымы.
✍️Алакөл филиалы