Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

?Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күні Сарқан ауданында кең көлемде аталып өтуде!

Бүгін «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» аудандық спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығымен бірлескен ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды.

Көпшілікті қызықтырған асық ату, тоғызқұмалақ,арқан тартыс,ляңгі және эстафеталық жарыстар мерекелік атмосфераны ерекше жандандырды. Сондай-ақ, ұлттық рухты көтеретін мерекелік концерт те көпшілік көңілінен шықты.

Іс-шараға арнайы қатысқан Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы жиналған жұртшылықты Ұлттық спорт күнімен құттықтап, салт-дәстүр мен спортты ұштастыра өткізілген мерекенің маңыздылығын атап өтті.

Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда да аудан аумағында спорт пен дәстүрді дәріптейтін ауқымды іс-шаралар жалғасатын болады!

Ұлттық спорт – ұлт рухының тірегі!