Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылдың 21 қаңтардағы № 27-03/15-НҚ бұйрығын басшылыққы ала отырып «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ 2026 жылдың 26 қаңтардағы «2026 жылы орманда өрт қауіпі бар маусымына дайындық туралы» № 29-НҚ бұйрығына сәйкес парктің мемлекеттік орман қоры аумағында 2026 жылы өрт қауіпі бар маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындық барысында: қала, аудан, ауылдық округі, төтенше жағдайлар бөлімі мен шаруа қожалықтары субъектілерімен орман өрттерінің алдын алу, сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары және төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезінде басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмі келісіліп, бекітілуде. ОӨСС өртке қарсы техникалары, құрал-жабдықтары мен радиобайланыс құралдарының жөндеу, толық дайындық жағдайына келтіру және бекітілген нормалар мен нормативтерге сәйкес техникалар мен жабдықтардың сәйкестігі айқындалады. Мемлекеттік орман күзетінің біліктіліктерін арттыру мақсатында 48 сағаттық бағдарламасы бойынша оқыту сабақтары жүргізілуде. Дайындық қорытындысы бойынша мемлекеттік орман иеленушілердің 2026 жылғы өрт қауіпті маусымына дайындық дәрежесі айқындалатын болады.