Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ жанама пайдалануға орман билеттерін алу үшін «Е-лицензиялау» электрондық порталы арқылы өтінім тапсырылатынын ескертеміз!

Өтініш жіберу үшін, орман пайдалану бойынша ауданның МКБ бюджетіне салық төлегені туралы түбіртек болған кезде қабылданады.
Ағымдағы жылдан бастап Жетісу облысы мәслихатының 2024 жылғы 23 қазан №22-132 шешіміне сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы (тамырымен босатылатын ағаштардың ставкаларын қоспағанда)» мал басына төленетін төлемақы АЕК есебімен есептеледі.
2026 жылдың АЕК көлемі 4325 теңгені құрайды.
 1 бас мал үшін төлемақы түрлері бойынша:
Қой - 0,04 АЕК - 173 теңге
Ірі қара мал –0,15 АЕК - 649 теңге
Ірі қара төлі –0,07 АЕК - 303 теңге
Жылқы –0,15 АЕК - 649 теңге
Омарта орналастыру – 1 омарта ұясына 0,267 АЕК - 1155 теңге.
 МОҚ аумағындағы таулы аймақта мал бағу үшін 1 бас малға арналған алаңның нормасы, малдың түрлері бойынша:
ірі қара мал, ірі қара малдың төлісі, қой - 0,75 - 1,5 га, жылқы - 1 га.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман пайдалануға беру жөнінде сұрақтар туындаған кезде келесі нөмір бойынша хабарласуды сұраймыз:
8(72839) 2 24 25 Гүлім