Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

 Бүгін – Дүниежүзілік алма күні!
Бұл күн – табиғаттың бізге сыйлаған ең пайдалы және әдемі жемістерінің бірі – алманы дәріптейтін мереке.
Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің аумағында өсетін Сиверс алмасы – әлемдегі барлық мәдени сорттардың атасы. 
Ол – біздің табиғи байлығымыз бен мақтанышымыз!

“Жоңғар -Алатауы” МҰТП жабайы жемісті Сиверс алмасы алқаптары парк аумағының жалпы көлемінің 1,05% алып жатыр (4000 га жуық).
Қазақстан, АҚШ және басқа да еуропа елдері ғаламдарының зерттеулері бойынша қазақстанның «жабайы алмасы» (Сиверс алмасы) әлемдегі барлық алмалардың ата- тегі екендігі дәлелденген.
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен селекциялық-гендік мақсатта “Көкжота”, “Черная речка”, “Крутое”, “Пихтовая және Солдатская” шатқалдарында ұлттық паркі аумағында уәкілетті органның мамандырылған ұйымы және орман орналастыру кәсіпорны жүргізілген жұмыстары негізінде Сиверс алмасының генрезерваттары алқаптары сипатталып 375 га орман генетикалық резерваты белгіленген.

Недзвецкий алмасы жойылып кету қаупі төніп тұрған, өте сирек, реликт түр. Биіктігі 5-8 метрге жететін жеміс ағашы. Гүлінің түсі ашық қызғылт түсті, жемісі аса ірі емес, дөңгелек, жемісінің түсі қызғылт. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп,жемісі тамыз-қыркүйекте піседі.