Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

23-25 сәуір аралығында "Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" "KITF 2025" – отандық 23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ” атты көрмесіне қатысты. KITF - Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі.

Көрмеде цифрлық технологияларға және Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ұлттық табиғи паркіміздің экологиялық туристік маршруттары мен мәдени-тарихи көркем жерлері мен нысандары туралы ақпарат ұсынылды.

Биылғы көрмеге 30-дан астам ел мен Қазақстан өңірлерінен келген 500-ден астам туристік компания өкілдері қатысып, тәжірибе алмасуға, серіктестік орнатуға және паркімізді халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік берді.