23 қазан – Халықаралық қар барысы күніне орай “Қар барысын бірге сақтайық” атты сурет салу, қолөнері байқауы өткізілді. Ұлттық парк қызметкерлері мен Балалар шығармашылық үйінің оқушылары бірлесіп іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шараға оқушылар белсенді қатысып , өз өнерлерін көрсетті. Байқауға қатысқан жеңімпаздарды алғыс хаттарымен, мадақтама және ұлттық парктің естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, парк қызметкерлері Абай атындағы мектеп-гимназиясының 11 -сынып оқушыларына экологиялық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға қар барысын және оның мекен ету ортасын қорғаудың маңызы туралы түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған танымдық тапсырмалар орындалды.