26 наурызда Жоңғар Алатауы МҰТП 2-ші Ғылыми техникалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2021-2025 жылдар аралығында орындалатын тақырыптық ғылыми-зерттеу тақырыптарының 2024 жылғы аралық-жылдық есебін қарастыру:
- «Жоңғар –Алатауы МҰТП аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы» - («Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің басшысы Ж.Молдахан);
- «Жоңғар – Алатауы МҰТП аумағындағы Тянь-Шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен саны» - («Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің аңшылықтанушы Ж.Кумаргалиев);
- «Жоңғар – Алатауы МҰТП аумағындағы таралған жәндіктердің түгенделуі» - («Ғылым» бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Канапьянова);
- «Жоңғар – Алатауы МҰТП флорасына түгендеу жүргізу және сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлері популяциясының жағдайын зерттеу» - («Ғылым» бөлімінің басшысы Ж.Нургожанова).
2. Жоңғар Алатауы МҰТП 15 жылдығына арналған «СИВЕРС АЛМАСЫ. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысының бағдарламасын қарастыру.
✍️Ғылым бөлімі