Дүниежүзілік жабайы табиғат күні жыл сайын 3 наурызда тойланады. Бұл күн біздің әрқайсымызға айналадағы жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлілігін және оның біздің өмірімізде алатын маңыздылығын еске түсіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар табиғатты қорғау іс-шараларының адамдық пайдасы туралы хабардарлықты арттыруға көмектеседі.
2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясы 3 наурызды – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл күн жойылып кету қаупі төнген түрлердің халықаралық саудасын реттеуде маңызды рөл атқаратын 1973 жылы жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның (CITES) қабылданғанымен сәйкес келеді.
Сонымен қатар, бұл күн ауқымды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары бар жануарлар әлеміне қатысты қылмыспен күресті күшейту қажеттігін еске салады.
Парк аумағында өсімдіктердің 891 түрі өседі, оның ішінде: 56 түрі эндемик түрлерге жатады, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, жорғалаушылардың 8 түрі, құстардың 170 түрі, сүтқоректілердің 49 түр, омыртқасыздардың 755 түрі кездеседі.
Ұлттық парк аумағында Қазақстан Республикасының және Жетісу облысының Қызыл кітабына енгізілген жойылып кету қауіпі төнген түрлері кездеседі. Олар:
* Өсімдіктердің 26 түрі: ақшыл секпілгүл, Тянь-Шань жанаргүлі, жылтыр жанаргүл, кавказ таудағаны, Алтай гимноспермиумі (торсылдағы), Семенов айдаршөбі, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, қопал таспасы, құсмұрын астрагалы, жоңғар көкгүлі, киікшөп бөденешөп, қызылтіл зиягүл, қызғылт семізот, таушымылдық сәндегүл, бұйра лалагүл, алатау бәйшешегі, Виталий шөмішгүлі, қысқа аталықты қызғалдақ, Мүшкетов түйесіңірі, Ярослав сүттігені, жатаған қызғалдақ, оралмалы шұбаршөп, жоңғарлық тұтасжапырақ, Виттрок рауғашы, марал тамыры;
* Қосмекенділердің 2 түрі: қызылаяқ бақа, Даната құрбақасы;
* Құстардың 13 түрі: қара дегелек, бүркіт, бақалтақ қыран, ителгі, үкі;
* Сүтқоректілердің 6 түрі: Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары, сабаншы, түркістан сілеусіні, қар барысы, Тянь-Шань арқары;
* Омыртқасыздардың 7 түрі кездеседі.