Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Бұл күн әрқайсымызға айналадағы жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуантүрлілігін және оның маңыздылығын көрсетеді.
Жабайы табиғатты бірге қорғайық!

Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында өсімдіктердің 891 түрі өседі, оның ішінде: 56 түрі эндемик түрлерге жатады, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, жорғалаушылардың 8 түрі, құстардың 170 түрі, сүтқоректілердің 49 түр, омыртқасыздардың 755 түрі кездеседі.
Ұлттық парк аумағында Қазақстан Республикасының және Жетісу облысының Қызыл кітабына енгізілген жойылып кету қауіпі төнген түрлері кездеседі. Олар:
* Өсімдіктердің 26 түрі: ақшыл секпілгүл, Тянь-Шань жанаргүлі, жылтыр жанаргүл, кавказ таудағаны, Алтай гимноспермиумі (торсылдағы), Семенов айдаршөбі, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, қопал таспасы, құсмұрын астрагалы, жоңғар көкгүлі, киікшөп бөденешөп, қызылтіл зиягүл, қызғылт семізот, таушымылдық сәндегүл, бұйра лалагүл, алатау бәйшешегі, Виталий шөмішгүлі, қысқа аталықты қызғалдақ, Мүшкетов түйесіңірі, Ярослав сүттігені, жатаған қызғалдақ, оралмалы шұбаршөп, жоңғарлық тұтасжапырақ, Виттрок рауғашы, марал тамыры;
* Қосмекенділердің 2 түрі: қызылаяқ бақа, Даната құрбақасы;
* Құстардың 13 түрі: қара дегелек, бүркіт, бақалтақ қыран, ителгі, үкі;
* Сүтқоректілердің 6 түрі: Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары, сабаншы, түркістан сілеусіні, қар барысы, Тянь-Шань арқары;
* Омыртқасыздардың 7 түрі кездеседі.

Табиғат - ортақ байлығымыз