Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhongar-alatau.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлемде Қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі – бұл Жер шарының басты экологиялық мерекесі. Бұл күн 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен адамдардың табиғатқа қамқорлықпен қарауының маңыздылығын насихаттау мақсатында белгіленген.
Осы күні экологиялық акциялар, сенбіліктер, ашық сабақтар мен табиғатты қорғауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылады. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғатты қорғау акциясының салтанатты жабылуын өткізді. Бұл шара Сарқан қаласындағы «Жастар» саябағында өтті. Іс-шараға ұлттық парк қызметкерлері, Сарқан мәдениет үйінің қызметкерлері, оқушылар қатысты.

Іс-шара аясында:

«Туған өлкем - табиғатым» атты асфальтқа сурет салу байқауы.
Көрме, викториналық сұрақтар
Спорттық эстафета
Концерттік бағдарламалар өтті.

«Туған өлкем – табиғатым» атты асфальтта сурет салу байқауы және экологиялық викторинада балалар табиғатты қорғау туралы білімдерін ортаға салды. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді еске түсіріп, ұлттық паркте өзін ұстау ережелерін қайталады.

Шығармашылық көрме ұйымдастырылып, оқушылардың суреттері, Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің табиғатын бейнелейтін фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды.
Парктер шеруі аясында өткізілген конкурс нәтижесі бойынша үздік қатысушылар алғыс хаттармен, дипломдармен және ұлттық парктің естелік сыйлықтармен марапатталды.

#қоршағанортанықорғаукүні
#ЖонгарАлатау
#экология
#тазатабиғат