18 тамыз күні “Ғылым” және “Рекреация, экологиялық ағарту және туризм” бөлімдері қызметкерлерінің ұйымдастыруымен танымал ғалым, Қазақстанның бірегей жабайы алма ормандарының қорғаушысы Жанғалиев Аймақ Жанғалиұлының туғанына 112 жыл толуына арналған «А.Ж. Жанғалиев. Жарты ғасыр бірге» тақырыбында Т.Н. Салованың
«А.Д. Джангалиев. Полвека вместе» атты көркем-деректі басылымын ұсынуға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, Сиверс алмасы таралған аумақтарда орнатылған туристік маршруттарға сипаттама берілді.
Дөңгелек үстел соңында Жоңғар Алатауының табиғат мұражайына экскурсия өткізілді.
Іс-шараға Сиверс алмасын қорғау және сақтау жұмыстарын белсенді атқарып жүрген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар онлайн зуммен қатысып, өз ойларымен пікір алмасты.
@ile_alatau_nationalpark , @alakol_qorygy , @tarbagatai_2018 , @aksuzhabagylymtk
Ғылым бөлімі