Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhongar-alatau.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап тамыз айына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, ұлттық парк қызметкерлері Н.Мусабаланов, Ж.Құмарғалиев, М.Байтуғанов, Е.Турахметов, Д.Дайырбеков, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Юбилейный совхозына іс-сапарға барып, ақбөкен популяциясының артуына байланысты, ауыл шаруашылығына зиян тигізбеу мақсатында егінді жерлерден айдау шараларына қатысты.
​Ұлттық парк қызметкерлеріне ынтымақтастығы мен өз ісіндегі кәсібилігінің, жұмыстағы көмегі мен адалдығы үшін «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркин алғысын білдірді. Аталған іс-шараға парк тарапынан 2 техника жұмылдырылды. Іс-шараға қатыстқан парк қызметкерлеріне зор денсаулық, толағай табыстар тілейміз!
Айта кетсек, Ақбөкен – ұзақ қашықтыққа жүре беретін қоныс аударатын жануар. 90-шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында ақбөкен саны күрт азайып, жойылып кету шегіне жеткен. 2004 жылдан бастап түрді қорғау бойынша қабылданған шаралардың арқасында олардың саны біртіндеп өсті. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл сирек кездесетін жануарлар популяциясының өсуі өте қарқынды болды. 2017–2023 жылдар аралығында 12,6 есе өсті. Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне қарағанда, жайылымдық жерлер шектен тыс пайдаланудан ғана емес, мүлдем пайдаланылмай бос жатқаннан да азып-тозады екен. Жан-жануарлардың тұяғы немесе шалғы тимеген шабындық-жайылымдықтардағы табиғи өсімдіктер тұқым шаша алмай, шашса да, жерге енгізе алмай, оның есесіне қажетсіз өсімдіктер өсіп шығып, жерге су сіңдірмей топырағының құнарлануына, өсімдіктер дүниесінің дамуына кері әсерін тигізетіндігі, әрі ол жерлер өртеніп кетуге де бейім тұратындығы әбден дәлелденген.
Тұяқты жануар жайылмаса, өзінен өзі азып кететін «Бетпақ» аталып кеткен ұлан байтақ сайын даламызды келер ұрпаққа қалай жеткіземіз? Оның әзірге бір ғана шешімі бар. Қазақ үшін киелі жануар атанған, аңыз-ертегілеріне, күй-жырларына арқау, даламызға көрік болған ақбөкен санын қалпына келтіріп, тұяғымен жерімізді түлету қажет.

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Т.Касымханова