Ақгүл тасшыгүл ( Androsace lactiflora Fisch. ex Willd) – наурызгүлдер тұқымдасына жататын екіжылдық өсімдік. Биіктігі 3-30см.Вегетация мерзімі өте қысқа болғандықтан, өсімдіктердің даму циклі тез өтеді. VІ – VІІ айларда гүлдейді. Сабақтары тік, тығыздалған жастық тәрізді. Жапырақтары тамыр түбіне жиналып өседі, жіңішке қына не эллипс тәрізді, жұмсақ түкті. Парк аумағының Алакөл филиалының Көкжар орманшылығы күзет аймағында Көктөбе асуында кездестірілді.
✍️Ғылым бөлімі