Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Кабиев Марат Нұрғазыұлы ұлттық парктің туристік әлеуетімен таныстыру және туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлы, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Байгунысов Алмас Ажарханұлы, “Visit Zhetysu” туристік ақпараттық орталығының басшысы Нуриев Жандос Маликовичпен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында ұлттық парктің туристік маршруттар, флора және фауна, өңірдің табиғи, тарихи-мәдени нысандары туралы ақпараттар беріліп, туристік бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы презентация көрсетілді.
Сонымен қатар, ұлттық парктің табиғат мұражайы мен визит-орталығына экскурсия өткізілді.