Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

02.09.2025 ж. “Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ бас директордың №240 ж/қ бұйрығымен Алакөл филиалының директоры лауазымына Нуртазин Ақан Шаймарданович тағайындалды.

Нуртазин Ақан Шаймарданович Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында 1994 жылы дүниеге келді.

2011-2015 жж. - Алматы қаласындағы ҚазҰАУ «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алды.

2015 ж. - «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалында Жалаңаш орманшылығында орман шебері, 2016 ж. Алакөл филиалында Көкжар орманшылығының орман шебері қызметін атқарып, сол жылы экологиялық ағарту инженері қызметінде жұмыс істеді.

2016 ж. бастап орман қорғау инженері қызметін атқарса, 2023 ж. бастап Алакөл филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.

Ақан Шаймарданович, жаңа қызметіңіз құтты болсын! 
Жаңа кәсіби деңгейде шабыт, күш-қуат және үлкен жетістіктер тілейміз!

Ұлттық парктің баспасөз қызметі