10 қаңтар күні мемлекеттік инспектор И. Вишняков Лепсі филиалы, Чернов орманшылығы, №29 айналым, 10-орам, 15-телім аумағында айналымға бару барысында алатау бәйшешегінің (Crocus alatavicus) гүлдегенін тіркеді.
Алатау бәйшешегі әдетте наурыз–сәуір айларында гүлдейді, сондықтан оның қаңтар айында гүлдеуі фенологиялық тұрғыдан қалыпты емес құбылыс болып саналады. Мұндай ерте гүлдеу климаттық жағдайлардың ауытқуын көрсететін маңызды белгі ретінде бағаланады және табиғи ортаға жүргізілетін бақылаулар үшін мәнге ие.
Ғылым бөлімі