2025 жылдың 10–11 қараша күндері Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен «Қазақстандағы биосфералық резерваттар бойынша ұлттық кеңес беру кездесуі: Ханчжоу іс-қимыл жоспарын іске асыру жолында» атты іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Т. Қасымханова қатысты.