Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Ата жолын жалғаған Бұрунғазовтар әулеті

 Әрбір кәсіпорынға ата-анасынан кейін балалары келген кезде, кез келген саланың мақтанышы болып табылады. Көптеген жылдар бойы бір кәсіпке адал болған тұтас отбасыларды кездестіруге болады. Осындай еңбек әулеті Жетісу өңірінің Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округінде бар.

 Атасы – Тұнұсбек, әкесі – Әлкен, немересі Рамазан. Соғыстың сұрапыл жылдарының өзінде Тұнұсбек Бұрунғазов орманды армандаған. Ал соғыс біткен соң Тұнұсбек Бұрунғазов орман шаруашылығана келіп, орманшы болды. Соғыс ардагері отыз бес жыл Лепсі бау-бақша және орман шаруашылығы кәсіпорнында еңбек етті.

 Тұнұсбектің баласы 17 жасар Әлкен еңбек жолын Лепсі жеміс-жидек орман шаруашылығында тракторшы болып бастады. Осы уақыттан бастап оның еңбек жолы өрлей бастады және 2010 жылы «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалының директоры қызметін атқарып, осы жерден зейнеткерлікке шықты.

 Ата жолын жалғаған Рамазан Әлкенұлы 1999 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, еңбек жолын 1994 жылы Сарқан өндірістік орман шаруашылығында бастап, қазіргі кезде «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалының директоры қызметін атқаруда. Орман шаруашылығындағы еңбек өтілі – 31 жыл.
2025 жылы «Жоңғар-Алатауы МҰТП» 15 жыл толуына орай ҚР Экология және табиғи ресурста министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

#орманшаруашылығы #менорманшымын