Ата жолын жалғаған Туткушпаевтар әулеті
Орманшылардың қызметі болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауға көмектеседі. Дәл осы отбасылар орманға деген сүйіспеншілік уақыт өте келе құндылығын жоғалтпайтын нағыз отбасылық дәстүр болуын дәлелдейді.
Туткушпаев Рустем Ахметканович - “Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ Лепсі филиалы Чернов орманшылығының орманшысы.
Атасы - Туткушпаев Ермурза Қабдолдайұлы, әкесі Туткушпаев Ахметқан Ермурзайұлы, оның ағалары - Жамихан Ермурзайұлы, Темірхан Ермурзайұлы орман шаруашылығының өркендеуі үшін көптеген жылдар бойы еңбек етті.
Табиғатқа ұқыпты қарау, туған өлкенің жасыл байлығын сақтау дәстүрі Туткушпаевтар әулетінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ата-бабаларыңның ісін жалғастыру - бұл үлкен абырой мен жауапкершілік.
@qazaqormany
#менорманшымын #орманшаруашылығы #сднемработниковлесногохозяйства