«Жоңғар -Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері №1 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына арналған «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Сондай-ақ, оқушыларға табиғат мұражайына қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты — оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен таныстыру және қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру.
Дәріс барысында ұлттық парктің биоалуантүрлілігі, сирек кездесетін және қорғауға алынған түрлер туралы мағлұмат берілді.