Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Бұл маңызды эко күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 2012 жылғы шешімімен бекітілді. Күннің басты мақсаты — ормандар мен жасыл кеңістіктерді сақтау үшін назар аудару және күш-жігерді жұмылдыру.
Орманды және оның байлықтарын қорғау бүгінде әлемнің барша елдері үшін басты экологиялық міндеттер қатарында тұр.

?️«Жоңғар- Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ерекше экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылығы бар табиғи тау ландшафттарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі №370 қаулысына сәйкес құрылды.

Әлемдік маңызы бар генетикалық ресурстардың көзі болып табылатын бірегей жабайы алма ормандарын (Сиверс алма ағашы) сақтауға және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады. МҰТП жалпы ауданының 1,05% - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген Сиверс алма ағашының жабайы жеміс екпелері алып жатыр.