Ұлттық парк қызметкерлері мен Сарқан қаласының мекеме қызметкерлерінің қатысуымен “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Дүниежүзілік ағаш отырғызу күні” өткізілді.
Қойтас саябағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, 400 дана (135 дана терек, 50 дана тал, 135 дана емен, 10 дана шаған, 10 дана долана, 10 дана шетен, Сиверс алмасы 50 дана), 250 дана биота ағаш көшеттері отырғызылды.
Іс-шараның мақсаты - табиғатқа жанашырлық танытып, бір түп ағаш отырғызу арқылы болашаққа үлес қосайық!