World Animal Day бүкіл әлемде 4 қазан күні аталып өтеді.
Бұл күнді жыл сайынғы мерекеге айналдыру туралы шешім 1931 жылы Флоренцияда (Италия) өткен қоршаған орта мен табиғатты қорғау Халықаралық конгресінде қабылданды.
Негізгі мақсаты - халықты қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы хабардар етіп тұру, жануарлар дүниесін сақтаудағы белсенділіктерін арттыру.
Осы күнге орай “Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту” бөлімінің мамандары жабайы жануарларды қорғау бойынша дөңгелек үстел өткізді.