16 мамыр күні "Парктер шеруі-2025" "Таза Қазақстан" экологиялық акциялары аясында ұлттық парк қызметкерлері, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 6-7 сынып оқушыларына экологиялық танымдық дәріс сабақ өткізді. Дәріс сабақ барысында ұлттық парктің туристік маршруттары, флора мен фаунасы, өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар қоқысты дұрыс сұрыптау және қалдықтарды бөлек жинаудың қоршаған ортаны сақтаудағы маңызы туралы айтылды.
Дәріс сабақ қызықты викториналық сұрақтармен жалғасып, оқушылар өз білімдерін көрсетіп, керемет көңіл күймен аяқталды.
@mektep__zhumabaev
#парктершеруі
#тазақазақстан