Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейінің 7-сынып оқушыларына «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктер әлемі, Өсімдіктерімізге қамқор болайық!» атты танымдық дәріс сабағы өткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға ұлттық парктің өсімдік жамылғысы, сирек кездесетін және қорғауға алынған өсімдіктер туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар кеппешөптер (гербарий), олардың табиғатты зерттеудегі маңызы, өсімдіктерді дұрыс жинау және сақтау тәсілдері түсіндірілді.
Табиғатты аялау – өз болашағыңды қорғау.