Ұлттық парктің Лепсі филиалының қызметкерлері Лепсі орта мектебінің 4 «В» сынып оқушыларына «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында дәріс-сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар ұлттық парктің биологиялық әртүрлілігімен және табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, экологиялық дағдылар туралы ақпарат алды. Осындай экологиялық сабақтар балалардың табиғатқа ұқыпты әрі саналы көзқарасын қалыптастырады.
Лепсі филиалы