2025 жылдық жұмыс жоспарына сай ғылым бөлімінің ғылыми қызметкерлері далалық жұмыстар атқарды. Далалық жұмыстардың мақсаты: фитосанитарлық жағдайды бағалайтын мониторингтік алаңдарда бақылау жүргізу, мониторингтік және фенологиялық алаңдарда бақылау жүргізу, туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтарды зерделеу. Далалық жұмыс барысында парк аумағындағы жабайы жемісті ормандар, аралас және қылқан жапырақты ормандар; сонымен қатар парк аумағындағы бөтентұқымдас ағашты-бұталы өсімдіктер бақыланды. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлар құрамына далалық семинар өткізді.
Ғылым бөлімі