«Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ жанама пайдалануға орман билеттерін жазу бойынша «Е-лицензиялау» электрондық порталы арқылы өтінім тапсырылатынын ескертеміз!
КБК-105304 (орман пайдаланғаны үшін төлемақы) коды бойынша орман пайдалану учаскесі жататын ауданның МКБ бюджетіне салық төлегені туралы түбіртек болған кезде «Е-лицензиялау» порталында ЭЦҚ кілті арқылы «Қоршаған ортаны қорғау» - «Орман және ағаш кесу билеттерін беру» қызметтерінің санаттары бойынша беруге болады.
Ағымдағы жылдан бастап Жетісу облысы бойынша Жетісу облысы мәслихатының 2024 жылғы 23 қазан № 22-132 шешіміне сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы (тамырымен босатылатын ағаштардың ставкаларын қоспағанда)» малдың басына төленетін төлемақы АЕК есебімен есептеледі.
2025 жылдың АЕК көлемі 3932 теңгені құрайды
1 бас мал үшін төлемақы түрлері бойынша:
Қой - 0,04 АЕК - 157,28 теңге
Ірі қара мал –0,15 АЕК - 589,8 теңге
Ірі қара төлі –0,07 АЕК - 275,24 теңге
Жылқы –0,15 АЕК - 589,8 теңге
Омарта орналастыру – 1 омарта ұясына 0,267 АЕК - 1049,8 теңге
МОҚ аумағындағы таулы аймақта мал бағу үшін 1 бас малға арналған алаңның нормасы, малдың түрлері бойынша:
ірі қара мал, ірі қара малдың төлі, қой - 0,75-1,5 га, жылқы - 1 га, түйе - 1 га.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман пайдалануға беру жөнінде сұрақтар туындаған кезде келесі нөмір бойынша хабарласуды сұраймыз: 8(72839) 2 24 25
✍️Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі