3 қыркүйек күні Рекреация, экологиялық ағарту және туризм мамандары «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыларына ұлттық парктің табиғат мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара барысында экскурсанттар туған жердің флора мен фаунасымен, ұлттық парктің туристік маршруттары, табиғи және тарихи-мәдени нысандарымен танысты.