2 - 5 шілде күндері аралығында «Жоңғар-Алатауы МҰТП»ғылыми қызметкерлері Сарқан филиалының Тополёвка орманшылығы аумағында далалық жұмыстар жүргізді.
Бақылау барысында ағаш-бұта өсімдіктерінің индикаторлық түрлерінің фенологиялық фазалары тіркелді:
• Сиверс алмасы — пісіп жетілудің басы
• Жоңғар доланасы — пісіп жетілудің басы
• Кәдімгі таңқурай — гүлдену кезеңінің соңы
• Тянь-Шань қайыңы — гүлдену кезеңінің соңы
• Татар ұшқаты — жаппай гүлдеуі
• Түрліаяқ бөріқарақат — Толық пісіп жетілуі.
Фенологиялық бақылаулар өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін бақылауға мүмкіндік береді және экожүйелік үдерістерді мониторингілеудің маңызды құралы болып табылады.