«Жоңғар Алатауы МҰТП»аумағында жыл басынан бері орнатылған фототұзақтардың объективтеріне түскен жабайы жануарлар. Фототұзақтар арқылы мониторинг жүргізу жануарлардың белсенділігін, маусымдық құбылыстарын және мекен ету ортасын анықтауға мүмкіндік береді.
Жиналған видеоматериалдар ғылыми зерттеулер мен мақалалар жазуда пайдаланылады.Ұлттық паркте жабайы жануарлардың популяциясының жақсаруы парк аумағында табиғатты сақтау үшін қолайлы жағдайлардың болуын және парк аумағында жүргізіліп жатқан табиғат қорғау жұмыстарының нәтижесі деп айтсақ болады.
Ғылым бөлімі