Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

9-10 қазанда Баянауыл МҰТП-нің 40 жылдығына арналған “Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғатты және Биоалуантүрліліктің бүкіл кешенін сақтау жолдары” атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Жоңғар-Алатауы МҰТП бас директоры М.Кабиев, бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Т.Қасымханова және Ғылым бөлімінің басшысы Ж.Нургожанова қатысты.

Ж.Нургожанова “Сарқан шатқалында таралған сирек кездесетін өсімдіктер” тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шара барысында Кемпіртас, Жасыбай көлдеріне ақпараттық тур өткізілді.