«Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің инфрақұрылымды дамыту бас жоспарына сәйкес, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, инвестициялық ұсыныстар, жаңа бағыттар мен жобаларды жүзеге асыру мақсатында туризм саласындағы кәсіпкерлер және бизнес өкілдерімен жиын (кездесу) өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру мақсатында парк аумағындағы жер учаскелерін ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға беру қағидалары;
2. Парк аумағындағы туристік маршруттарда берілетін ұзақ және қысқа мерзімді жер учаскелерін қарастыру мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында ұлттық табиғи паркімізде экологиялық туризмді дамыту мақсатында аймақтағы туристік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жоспарланып, өңірдің табиғи, тарихи-мәдени нысандары мен туристік маршруттары туралы мәліметтер берілді.