Қамшының сабындай қайран тірлік бір күні шарт сынары әмбеге аян. Өмірдің өзі күшті болғанымен, өтетіні өкінішті… «Тумақ бар жерде, өлмек те бар» дейді қазақ сөзі. Шіркін, бәрі орнымен, бәрі ретімен келсе – өкініштің өзені тасып, қайғының қара жаңбыры жаумас еді ғой. Кеше ғана арамызда жарқын, ақылын айтып жүрген қадірлі ағамыз Есжанов Бірлікбай Есжанұлынан қапыда айырылдық. Бір қанатымыз қайрылды. Өлім түгілі өкпеге қимайтын есіл әріптесіміз жайлы ендігі жерде естелік айтамыз деп кім ойлаған?.. Оның ғұмырдариясы – мәңгілік ағысқа ауысты…Жатқан жеріңіз жайлы да жарық болсын. Топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннаттан орын алсын.
Бірлікбай Есжанұлы Жоңғар Алатауы МҰТП қызметкерлерімен бірлесе талай еңбек сіңірген жан еді. Әркез жас мамандарға өзінің тәжірибесімен бөлісуден, жол көрсетуден, ақыл кеңес беруден бас тартқан емес.
Атап айтсақ:
2014 жылы Сарқан филиалының Сарқан, Қарасырық шатқалдарында далалық жұмыстар атқарды және 2021 жылы ҚБСА қызметкерлерімен бірлесе парк қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізіп өз тәжірибесімен бөліскен болатын.
2016 жылдан бері осы күнге дейін "Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы" және 2021 жылдан бері "Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы Тянь-Шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен саны" ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшісі болып келген.
Келесі ғылыми мақалалар авторлық құрамында:
1. "Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы" - 2016 ж.,
2. "Жабайы және сирек кездесетін жануарларды есепке алу және таралу аумағын анықтаудағы фототұзақтың тиімділігі" – 2018 ж.,
3. "Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы Тянь-Шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен саны және маусымдық құбылыстарының ерекшеліктері" – 2022 ж.,
4. "Результаты мониторинга снежного барса с помощью фотоловушек на территории Жонгар-Алатауского ГНПП за 2015-2019 годы" - 2021 ж.,
5. «Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы Тянь-Шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен саны" - 2024 ж.
Сонымен қатар, 2024 ж жарыққа шыққан "Жоңғар Алатауы МҰТП сүтқоректілері" кітабының (Молдахан Ж., Иманғали С.) рецензенті.
Отбасына, әріптестеріне және шәкірттеріне қайғыра көңіл айтамыз
@institute_zoology_rk @farabi_university