Ғылым бөлімінің қызметкерлеріне «Қазақстандағы ең өзекті проблема – жүйелі сыбайлас жемқорлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: қоғамдағы жүйелі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен зардаптарын талқылау, оны азайту жолдарын қарастыру.
Дөңгелек үстел барысында: сыбайлас жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік басқаруға әсері сөз болды. Қызметкерлер нақты мысалдар мен статистикалық мәліметтерді талдап, кешенді шешімдер ұсынды. Бірлескен пікір алмасу арқылы әділдік пен сенімге негізделген басқару мәдениетін қалыптастыру маңызды екені атап өтілді.
Ғылым бөлімі