Кәдімгі тиін — Sciurus vulgaris
Қазақстанда таралған кәдімгі тиіннің үш түршесінің бірі — телеуіт тиіні Жоңғар Алатауы ормандарына ХХ ғасырда жерсіндіріліп, бүгінде экожүйенің табиғи бөлігіне айналды. Ол аралас және қылқан жапырақты ормандарда мекендейтін, күндіз белсенді, орман тіршілігінің ажырамас өкілі. Негізгі қорегі — қарағай, шырша, майқарағай мен балқарағай тұқымдары, бүршіктері және жас өркендер.
Кіші Басқан шатқалында орнатылған фототұзақ арқылы тиіндердің тәуліктік белсенділігі, қоректенуі мен мекен аумағы бақыланды. Мұндай бақылаулар орман экожүйесіндегі түрдің рөлін бағалап, биоалуантүрлілікті сақтауға маңызды дерек береді.